18.03.2024 | 15:02

Гимнастар Финляндиядағы жарыста қола медаль иеленді

Эстетикалық топтық гимнастикадан Финляндияда өткен жасөспірімдер арасындағы Espoo AGG Cup жарысында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл сайыста ел намысын Айша Мұхитбекова, Рауана Альбекова, Варвара Кондратенко, Дарина Нақып, Ислана Русланқызы, Әлнұр Болатбек, Лилия Юн, Софья Юн және Адина Орынбай қорғады.

Барлығы турнирде 12 елден 55 команда келіп, бақ сынады. Бұл қазақстандық гимнастардың жаңа маусымдағы алғашқы жарысы. Биылғы басты бәсекесі саналатын Азия чемпионаты қазан айында Гонконгте өтеді деп жоспарланған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес