23.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Гимназиада-2022: Қазақстан құрамасы жалпы есепте 3-орын алды
Францияның солтүстігіндегі Нормандия өңірінде 16-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында Гимназиада аяқталды. 14-22 мамыр күндері 9 қалада әлемнің 64 мемлекетінен келген жасөспірімдер 17 спорт түрінен және 3 паралимпиада бағдарламасында сынға түсті.
Қазақстан құрамасы дүниежүзілік додада 85 медаль – 32 алтын, 32 күміс және 21 қола жеңіп алды. Осылайша, алғаш рет қатысқан біздің делегация жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Кестеде алтын және күміс медаль саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында.
Қазақстан оқушылары таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, әйелдер күресі және регби сынды спорт түрінен жүлдеге ие болды.
Барлығы 114 жүлде, оның ішінде 47 алтыны бар Франция 1-орын, 45 алтын медалі бар Бразилия 2-орын алды.
Бұл Гимназиадаға 70 мемлекеттен 3600-ге жуық оқушы келді. Қазақстан атынан 234 оқушы (қыз – 115, ұл – 119) 16 спорт түрінен аттанған еді. Бұл кешенді бәсеке арқылы әр мемлекеттегі мектеп лигасы мен жасөспірімдер спортының даму қарқынын байқауға болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ