06.12.2022 | invalid

Гран-Придің финалына Қазақстаннан кімдер қатысады?

8-10 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта таеквондодан Гран-При кезеңінің финалы өтеді. Париж Олимпиадасына рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын турнирге әлемдік таеквондо жұлдыздары қатысады. Ал бұл аламанда Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы өнер көрсетеді. Олар: Жансель Дениз (+67 кг) бен Смайыл Дүйсебай (+80 кг).

Жалпы олимпиада бағдарламасына кіретін 8 салмақта (ерлер 4, әйелдер 4) 40 елдің 128 даянг шебері жылды қорытындыламақ. Ұпайдан бөлек, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақыға ие болады. Сондай-ақ 10 желтоқсанда кешке World Taekwondo Gala Awards Гала-кеші өтеді. Мұнда биыл алғаш рет пара-таеквондо спортшылары мен олардың бапкерлері марапатталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес