25.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Grand Slam: 2 дзюдошымыз 5-орынға табан тіреді
Моңғолия астанасында Париж Олимпиадасына іріктеу саналатын дзюдодан Grand Slam бәсекесі өтіп жатыр.
Бүгін жарыстың 2-күні Қазақстан атынан 7 балуан татамиге шығып, ешқайсы жүлде ала алмады. Екі дзюдошымыз қола медаль үшін жекпе-жекте жеңіліп, бесінші орынға табан тіреді. Енді отандастарымыздың нәтижесіне тоқталып өтсек.
Абылайхан Жұбаназар (81 кг) алғашқы айналымда әлем чемпионы, израильдік Саги Мукиді, сосын моңғолиялық спортшыны жеңіп, сенсация жасаған. Алайда ширек финалда IJF атынан өнер көрсететін ресейлік Алан Кубецовқа жол берді. Жұбаныш белдесуінде француз Николас Шилардан айласын асырғанымен, қола медаль жолында нидерландтық Френк Де Уидке есе жіберді.
Осы салмақтағы Бекәділ Шаймерденов алғашқы айналымда-ақ ағылшын дзюдошысының мықты екенін мойындады.
Әйелдер арасында 70 келі салмақта Зере Бектасқызы қола медаль үшін белдесуде өзбекстандық Гүлноза Матниязовадан ұтылды. Бұл салмақтағы тағы бір балуанымыз Екатерина Токарева алғашқы белдесуде жарыс қожайынынан таза жеңіліп, бәсекені ерте аяқтады.
63 кг салмақта бақ сынаған Самалай Ерғалиева алғашқы айналымда израиль балуаны Керем Примодан өте алған жоқ.
73 келіде күш сынасқан Ерлан Серікжанов пен Аңсарбек Ғайнуллин де татамиге бір рет шықты. Ерлан IJF атынан өнер көрсеткен Армен Агаянға вазари ұпайымен ұтылса, Аңсарбек кәріс балуанына шидо саны бойынша есе жіберді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ