13.10.2024 | 16:42

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН 4 ПАЛУАН АНЫҚТАЛДЫ

Грек-рим күресінен Албания астанасы Тиранада өтетін олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын отандастарымыз белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бапкерлер құрамы іріктеген палуандар:

Исхар Құрбаев (55 кг)

Ержет Жарлықасын (63 кг)

Мейіржан Шермахамбет (72 кг)

Евгений Поливадов (82 кг)

Айта кетейік, бозкілем бәсекесі 28-31 қазан аралығында өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес