23.10.2024 | 15:53
Бөлісу:
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ ТИРАНАДА ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бағлан Қуаныш (87 кг) Тиранада әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде түркиялық Самет Ялдыранға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қарсылас 2-3 есебімен басым түсіп, қола медальға таласты жалғастырады. Ал күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы биылғы әлем чемпионатын грек-рим күресінен еліміздің командасы жүлдесіз аяқтады. Осыған дейін сынға түскен спортшылардың ішінде тек Бейбіт Қорғанов жұбаныш кезеңіне қатысқан.
Былтыр дәл осы Тиранада өткен бәсекеде грек-рим күресінен Сұлтан Әсетұлы 67 кг дейінгі салмақта алтыннан алқа таққан. Сосын, Исхар Құрбаев 55 кг салмақта күміс жүлдеге қол жеткізген.
Айта кетейік, биыл 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы чемпионат 7-рет өтіп жатыр. Келесі жылы Сербияның Нови-Сад қаласы 20-26 қазан аралығында қабылдайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: