31.03.2023 | 22:31

Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде жолында ұтылып қалды

Ғұсман Қырғызбаев Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль үшін болған белдесуде бразилиялық Виллиан Лимаға есе жіберді. Негізгі уақытта екі спортшы бір-бірін жыға алмады. Голден-скорда отандасымыз 3-рет ескерту алып, жеңілді.

Ғұсман 66 кг дейінгі салмақтың іріктеуінде 4 қарлсыласын ұтып топтан шықты. Олар: гватемалалық Дэвид Муньос де Леон, түркиялық Беркин Өзжан, әзірбайжандық Орхан Сафаров және испаниялық Давид гарсия Торне. Алайда қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Эрхембаяр Баттогтоктан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, қола медаль үшін айқаста жеңіліп, 5-орын алған дзюдошы рейтингте 360 ұпайға ие болады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес