08.09.2024 | 22:03

КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Камиль Куруглиев (92 кг) Понтеведра қаласындағы U20 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін отандасымыз кіші финалда ирандық қарсыласы Әмірреза Жафар Далириден айласын асырды. Есеп: 8-5.

Куруглиевтің кешегі белдесулеріне шолу:

1/8 айналым

Камиль Куруглиев - Константин Петриашвили (Грузия) 7-6.

Ширек финал

Камиль Куруглиев - Фатих Алтынбаш (Түркия) 5-2

Жартылай финал

Камиль Куруглиев - М. Малачдибиров (Бейтарап атлет) 0-5.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес