06.08.2024 | 18:12
Бөлісу:
КАНОЭ МЕН БАЙДАРКАДА ЕСКЕК ЕСУДЕН СПОРТШЫЛАР ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ
Бүгін Париж Олимпиадасында жарысты бастаған каноэ мен байдаркада ескек есуден Ұлттық құрама спортшылары ширек финалда сынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Өкінішке қарай, спортшыларымыз жартылай финалға шыға алмады. Каноэде 500 метрге ескек есуде Париж Олимпиадасында Мария Бровкова мен Руфина Искакова жұбы ширек финалдан аса алмады. Олар өз тобында мәреге төртінші жетті. Олардың уақыт көрсеткіші – 2:01.76 секунд.
Еліміздің әйелдер құрамасы осы Париж ойындары аяқталды. Мария мен Руфина үшін бұл алғашқы Олимпиада. Олар лицензияны Токиодағы Азия чемпионатында алған.
Каноэде 500 метрге ескек есуден Ұлттық құрама спортшылары Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы ширек финалда мәреге 4-ші болып жетті. Өкінішке қарай, олар жартылай финалға шыға алмады. Сергей (Токио) мен Тимур (Рио) үшін бұл екінші Олимпиада болды.
Байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер командасы ширек финалда жарысып, мәреге соңғы болып жетті.
Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбының уақыт көрсеткіші – 1:37.58 секунд. Осылайша, Бекарыс пен Сергей жүлдеге таласа алмайды.
Фото: Владислав Семенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ