26.01.2024 | 21:21
Бөлісу:
Канвон Олимпиадасының 7-күніне шолу
Бүгін Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV жасөспірімдер Олимпиадасының 7-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Конькимен жүгіруден масс-стартта Алина Шумекова іріктеуден 3-сатыдан көрініп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алған. Алайда финалда құлап қалып, таластын ерте тыс қалды. Ал Кристина Шумекова 5:58.38 секунд нәтижесімен 12-орынға тұрақтады. Алтын Ангел Далеманның еншісінде. Бұл Нидерланд атлетінің осы ойындардағы 3-алтыны. Күміс тағы бір Нидерланд спортшысы Жасмин Винхуиста, қола Юнжи Луида (Қытай).
Ұлдар арасында Михаил Матрюхин финалға шыға алмады. Руслан Жәнаділов (5:31.80) 11-сатыда қалды. Финн Соннекалб (Германия) Канвонда осымен 3-рет чемпион атанса, Қытай өкілі Баошуо Пан күміс, Эйрик Андерсен (Норвегия) қола медальге ие болды. Осымен конькимен жүгіруден жарыстар мәресіне жетті. Қазақстан спорттың бұл түрінде жүлдесіз қалды.
Бүгін фристайл-могулдан алғашқы жарыста Денис Раструба/Юлия Феклистова жұбы алықа бара алмады. Олар жұптық сында 1/8 кезеңде Францияға есе жіберді (20:50).
Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 15-сатыда. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған. Жасөспірімдер Олимпиадасы 2 ақпанда мәресіне жетеді.
Суреттердің авторы – Шамкен Байырбек, Нұрғали Жұмағазы, Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті