13.11.2023 | 10:38

Канвондо-2024: Қазақстан 10 бағдарламада жүлдеге таласады

2024 жылғы 19 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда IV қысқы жастар Олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осылайша әлем жастары Азияда алғаш рет қысқы спорттың үздіктерін анықтамақ. Атап айтар болсақ, жарысты Каннан қаласы, Канвондо провинциясының Пхенчхан, Чонсон және Хвенсон округтері қабылдайды. Ойындар барысында спорттың 15 түрінен жүлде сарапқа салынады. Барлығы әлемнің 70 елінен 1900-ге жуық спортшы қатысады.

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары бүгінде 10 бағдарламада 23 лицензия жеңіп алды. Олардың арасында биатлон, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, шаңғымен секіру, фристайл могул және шорт-трек бар.

Елімізде Канвондо баратын спортшылардың біразы биыл IV қысқы жастар спорт ойындары мен Ресейде өткен қысқы спорт түрлерінен ІІ «Азия балалары» ойындарында іріктелген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес