09.01.2024 | 12:08
Бөлісу:
Канвондо Олимпиадасының бойтұмары Астанада
IV қысқы жастар Олимпиадасына дайындық жөніндегі штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Бүгін кеңседе Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Корея Республикасының Елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді.
Кездесу барысында екі елдің өкілдері ойындарды талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті. Жиын соңында Корея Республикасының Елшісі Олимпиаданың бойтұмарын сыйлап, Қазақстан спортшыларына алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.
«Канвондағы жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасының бойтұмары біздің штаб кеңсесінде өз орнын тауып, алдағы төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысатын қыз-жігіттерімізге сәттілік алып келеді деген сенімдеміз», - деді Ермек Маржықпаев.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті