11.06.2023 | 16:43

Каратэшілер Жапонияда 1 күміс, 6 қола жүлде иеленді

Бүгін Жапонияның Фукуока қаласында WKF-каратэден Премьер-лига кезеңі аяқталды. Мұнда 47 елден 300-ден аса спортшы қатысты. Оның ішінде ел намысын 25 отандасымыз қорғады. Бұл жарыста тек әлемдік рейтингтің алғашқы отыздығында тұрған спортшылар ғана өнер көрсетті.

Нәтижесінде Дархан Темірәлиев (60 кг) финалда ғана сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 кг), Гүлмира Үсенова (55 кг), Дидар Әмірәлі (67 кг), Лаура Әліқұл (68 кг), Софья Берульцева (+68 кг), Абылай Төлтай (+84 кг) қола медаль алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес