02.08.2024 | 23:58

КАРИНА ПАНАМЕРИКА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІНЕН ЖЕҢІЛДІ

Боксшымыз Карина Ибрагимова (57 кг) Париж шаршы алаңындағы алғашқы айқасында Эшлионн Лосада Моттадан (Пуэрто-Рико) ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Есеп: 0-5.

Енді ширек финалда Эшлионн Юлия Шеремета (Польша)/Тина Рахимимен (Аустралия) күш сынасады.

Айта кетейік, Карина әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері (күміс, 2 қола), Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанған. Ал Эшлионн Панамерика ойындарының қола жүлдегері. Ол – Олимпиадаға лицензия алған Пуэрто-Риконың алғашқы әйел боксшысы.

Сурет: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес