03.10.2023 | 18:08
Бөлісу:
Каролин Чепкоеч Кипкиру екінші рет Азиаданың қола медалін жеңіп алды
Санаулы сәттер бұрын Каролин Кипкиру Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 5000 метрге жүгіруде мәреге Парул Чаудхари (Үндістан) мен Ририка Хиронакадан (Жапония) кейін жетті. Кипкирудың уақыт көрсеткіші – 15:23.12 секунд. Ол жеңімпаздан 9 секунд қалып кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір атлеті Дэйзи Джепкемей жарысты сегізінші болып аяқтады.
Айта кетейік, Каролин бірнеше күн бұрын 10 шақырымға жүгіруде қола жүлдегер атанған. Қазір Қазақстан делегациясының қоржынында 46 медаль болды. Оның бесеуі алтын, оны күміс, 31-і қола.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ