12.08.2024 | 08:52

ҚАЗАҚСТАН АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 8 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Абу-Даби қаласында (БАӘ) аралас жекпе-жектен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа 52 елден 848 қатысушы бақ сынады. Ел намысын 26 спортшы қорғады. 16-17 жас аралығында сынға түскен Файзулла Бектас (93 кг) пен Нұрлан Новрузов (61,2 кг) әлем чемпионы атанса, күміс Дмитрий Жижин (70,3 кг) мен Радомир Морозовқа (120,2 кг) бұйырды.

Ал Шыңғыс Нұрахметов (77,1 кг), Мия Горадзе (52,2 кг), Елнұр Қияқпай (90,3 кг) және 14-15 жас бойынша  Георгий Завершинский (77 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес