13.05.2023 | 16:42
Бөлісу:
Мария Бровкова Мажарстандағы Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды
Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде отанасымыз Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды. Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады. Финалдағы нәтиже мына жерде.
Бұл кезең ертең, 14 мамырда мәресіне жетеді.
Жалпы Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында С-1 1000 метрде жеңімпаз атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ