12.05.2024 | 14:55

Ұлттық құрама 1 алтын, 3 қоламен жарысты аяқтады

Үлкен дулыға санатындағы Qazaqstan Barysy бәсекесінің 3-күні барлық дзюдошымыз жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін ерлер -90, -100 және +100 кг, әйелдер -78 және +78 кг салмақта күш сынасты.

Бүгін татамиге шыққан дзюдошыларымыз:

-90 кг:

Мұхаммедәлі Мавлидов (2-айналым)

Құдірет Досымов (2-айналым)

Айдар Арапов (2-айналым)

Ермахан Ануарбеков (2-айналым)

-100 кг:

Әділет Сапарғалиев (2-айналым)

Нұрлыхан Шархан (1-айналым)

Бекзат Шағатаев (1-айналым)

Ислам Бозбаев (1-айналым)

+100 кг:

Ғалымжан Қырықбай (2-айналым)

Ерасыл Қажыбаев (2-айналым)

Мәди Еділбаев (2-айналым)

Еламан Ерғалиев (1-айналым)

-78 кг:

Лаура Жәнібекова (1-айналым)

Анастасия Нагачевская (1-айналым)

+78 кг:

Аида Тойшыбекова (1-айналым)

Ақерке Рамазанова (1-айналым)

Назгүл Маратова (1-айналым)

Карина Такиева (1-айналым)

Қазақстан командасы бұл турнирді 1 алтын, 3 қола медальмен аяқтады. Алғашқы күні Ғалия Тынбаева (-48 кг) чемпион атанса, Елдос Сметов (-60) қола алды. Кеше Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) 3-орыннан көрінді.

Әр салмақтың жеңімпазына әлем рейтингінде 1000, күміс жүлдегерге 700, ал екі қола медаль иегеріне 500 ұпайдан қосылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес