26.02.2024 | 10:18
Бөлісу:
European Open: дзюдошылар 2 медаль жеңіп алды
24-25 ақпан аралығында Польша астанасы Варшавада дзюдодан өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде Қазақстан құрамасы 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Аса ауыр салмақта (+78 кг) кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде Нидерланд спортшысы Свирс Полиеннен басым түсті. Бұл салмақта Мадинадан бөлек Толқын Тұрсынақынова да бақ сынап, жұбаныш кездесуінде дәл осы Нидерланд өкіліне есе жіберді.
Ал ерлер сайысында ең жеңіл 60 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов Грузия спортшысы Тома Гелашвилиден айласын асырды. Шерзод былтыр да Польшадағы бәсекеде 3-орын алған болатын.
2 күнге жалғасқан додада 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлдегерлерді анықтады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ