03.12.2023 | 21:11
Бөлісу:
Ұлттық құрама Италиядағы Әлем Кубогы кезеңін қос алтынмен аяқтады
Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының 2-кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста 2 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Бүгін нео-сеньорлар арасында (23 жасқа дейінгі конькишілер) 500 метрге жарыста Маргарита Артемьева 40.04 секунд уақыт көрсетіп жеңімпаз атанса, Инесса Шумекова 40.27 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал қола жүлде Нидерланд өкілі Вильде Баасқа (40.96 секунд) бұйырды.
Апенин түбегіндегі байрақты бәсекеге 27 елден 230 спортшы қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: