28.04.2023 | 09:16
Бөлісу:
Ханчжоудағы Азия ойындарына арналған музейге 30 ел түрлі жәдігер жіберді
Цяньтан өзенінің жағасындағы Ханчжоу Олимпиада стадионында ашылған музей қала тұрғындары мен қонақтары үшін экскурсия жасауға таптырмас жердің біріне айналып келе жатыр. Музей тек XIX жазғы ойындар жайлы сыр шертіп қоймай, осыған дейінгі OCA, яғни Азия Олимпиада Кеңесінің 18 бәсекесін еске алуға тырыспақ. Мұнда әр жәдіргер түрлі түстермен және дыбыстармен сүйемелденіп, келген азаматтарға үшін тартымды бола түскен.
Азия ойындары мен Ханчжоу атты көрме залы 4-ке бөлінген. Олар: «Арманға ұмтылыс», «Арманды құру», «Арманның орындалуы» және «Арман алмасу».
Ал Азия ойындары мен Азия деп аталатын залда жеке тақырыпқа бөлінген 5 зал бар: «Азия ойындарының тарихы», «Азия ойындары жайлы естелік», «Азия ойындары және Қытай», «Азияның Ханчжоудағы ойындарға назары», «Азияның ажары». Жәдігерлер арасында әр ойындардың алауы, алтын медалі мен бойтұмары бар.
«Бұл ойындардың ресми ашылуына дейін азаматтар кіріп, еркін тамашалай алатын Азия ойындары жайлы алғашқы музей. Осыған дейін мұндай мүмкіндік тек ресми ашылу рәсімінен кейін ғана болды. Бұл жерде қатысушылардан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен баға жетпес қазыналар бар. Мұнда Азия ойындарының тарихы шоғырланған, мұнда Азияның мәдениеті бейнеленген. Мұнда спорт рухы жарқырап тұр»,-делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.
Бұдан бөлек музейде Asia's Focus атты зал бар. Онда Азиядағы елдің Ұлттық Олимпиада комитеттері жіберген 70 жәдігер тізіліп тұр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: