12.02.2025 | 07:38

ХАРБИН-2025: КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІНЕ ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Санаулы сəттер бұрын кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы үшін Харбиндегі қысқы Азия ойындарындағы кезекті ойын аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Пхёнчхан Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Оңтүстік Кореямен болған матчта ойыншыларымыз ұтылып қалды. Есеп: 2-8.

Біздің кёрлинг шеберлеріміз 2-ші және 4-эндте ұпай алып, есепті қысқартқан. Осыдан кейін Оңтүстік Корея спортшылары еш мүмкіндік бермеді.

Командамыздың құрамы – Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*). Енді бүгін Астана уақытымен 16:00-де Қазақстан мен Таиланд кездеседі. Осыдан кейін жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болады.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес