28.02.2023 | 16:28

Хоккейшілер плей-офф кезеңіне шыға алмады

Хоккейден Қазақстан құрамасы Кузбасс аймағының командасына жол беріп, «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарының плей-офф кезеңіне шыға алмады. А дивизионындағы соңғы ойында алаң иелері 2-3 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасы 2-айналымда қос шайба салып, есепте алға шыққан. Алайда Кузбасс құрамасы шешуші айналымда таразы басын теңестеріп қана қойған жоқ, матчтың аяқталуына 13 секунд қалғанда Владислав Жуковтың арқасында жеңіспен қатар жартылай финал жолдамасына иелік етті.

Енді ертең Қазақстан құрамасы 5-орын үшін кездесу өткізеді.

«Азия балалары» ойындарына келген Ұлттық құрама ойыншылары:

Қақпашылар: Данай Шайиков («Авангард», Омск), Тәңірхан Алпысбаев – («Барыс», Астана)

Қорғаушылар: Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мукашев (бәрі - «Барыс», Астана), Раты Дурглишвили («Салават Юлаев», Уфа), Санжар Ибрагим, Никита Сидоренко («СКА-Юность», Екатеринбург)

Шабуылшылар: Әмір Алыпқарин, Әлихан Бақыт, Әділхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Кәрім, Бексұлтан Мақыш, Тимур Меңдібаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин (бәрі - «Барыс», Астана), Корней Корнеев – («Авангард», Омск), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен).

Бас бапкер: Георгий Верещагин - «Барыс», Астана.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес