26.02.2024 | 17:10

Кирилл Курдиди Қазақстанға Азия чемпионатының 6 жүлдесін алып берді

Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан велотректен ересектер арасындағы 43-ші Азия чемпионатының шешуші жарыс күні Кирилл Курдиди үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол Олимпиада бағдарламасына кірмейтін классикалық гит жарысында қола жүлдегер атанды.

Қазір Қазақстан құрамасында 1 күміс, 5 қола медаль бар. Биыл сары құрлық додасына 23 мемлекеттен 230 велошабандоз жиналды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес