09.08.2024 | 15:58

ЕСКЕК ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ В ФИНАЛЫНДА СЫНҒА ТҮСТІ

Париж Олимпиадасында каноэде 500 метрге жұптасып ескек есуден әйелдер арасында А және В тобының финалы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

В тобында сынға түскен Мария Бровкова мен Руфина Искакова мәреге үшінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:57.58 секунд. Нәтижесінде Қазақстан командасы жалпы есепте 11-сатыдан көрінді. Айта кетейік, бұл біздің Мария мен Руфина үшін алғашқы Олимпиада.

Бұл сайыста Қытай спортшылары чемпион атанса, Украина күміс, Канада қолаға ие болды.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес