11.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Конькимен жүгіруден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды
Бүгін Норвегияның Ставангер қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының кезеңі басталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста қазақстандық Екатерина Айдова 20 спортшының арасында 15-сатыға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 38.939.
Ал 3 мың метрге жарыста Надежда Морозова 11-көрсеткішке қол жеткізді (4:13.758).
Жалпы осы кезеңге аттанған қазақстандықтар:
Ерлер – Бақдәулет Сағатов, Дмитрий Морозов, Виталий Щиголев, Демьян Гаврилов, Артур Галиев, Андрей Семёнов, Нұралы Ақжол, Евгений Кошкин, Роман Биназаров;
Әйелдер – Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Алина Дауранова;
Айта кетейік, алғашқы кезең 13 қарашада аяқталады. Сосын 2-кезеңді 18-20 қараша аралығында Херенвен қаласы (Нидерланд) қабылдайды. Ал жылдың соңғы кезеңдері Канаданың Калгари қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсанда өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: