30.11.2023 | 14:50
Бөлісу:
Кристина Радаева Испания құрамасының қақпасына 5 гол салды
Қазір Дания, Норвегия мен Швецияда қол добынан әйелдер арасындағы 26-шы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фредериксхавн қаласында (Дания) G тобындағы алғашқы ойында еліміздің Ұлттық құрамасы Испанияға есе жіберді. Есеп: 17-34. Қазақстан сапында ең көп гол салған ойыншы – Кристина Радаева (5 гол). Ал матчтың үздік ойыншысы – Майтане Эчеверрия Мартинес (Испания). Толық ақпарат мына жерде.
Енді қазақ гандболшылары Бразилия (1 желтоқсан) және Украинамен (3 желтоқсан) күш сынасады. Жалпы Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының финалды кезеңінде 7️-мәрте өнер көрсетіп жатыр.
Биыл әйелдер арасындағы дүниежүзі додасын алғаш рет 3 мемлекет қабылдады. Чемпионат 17 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді
Ұлттық құрама Бразилиядан жеңіліп қалды