16.10.2023 | 10:27
Бөлісу:
Ксения Балабаева әлем чемпионы, Əмина Қайырбекова күміс жүлдегер атанса, Арыстан Исанжулов үштікті түйіндеді
Италияның Пула қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасында əлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Блиц түрінде отандасымыз Ксения Балабаева чемпион атанса, Əмина Қайырбекова күміс жүлдеге ие болды. Осы тұста екі қазақ шахматшысы 8,5 ұпайдан жинап, жарысты тең аяқтағанын айта кетейік. Тек қосымша көрсеткіштер бойынша Ксения басымдыққа ие болып, алтыннан алқа тақты. Бірнеше күн бұрын рапидте чемпион болған Говхар Бейдуллаева (Әзірбайжан) бұл жолы 7,5 баллмен қоланы қанағат тұтты. Тағы бір шахматшымыз Лия Құрманғалиева жүлдеге бір табан жетпей тоқтаса (7 балл), Зейнеп Сұлтанбек 6-шы (6,5 балл), Назерке Нұрғали 7-ші орыннан көрінді (6,5 балл).
Ерлер арасындағы аламанда әзірбайжандық Магомед Мурадли қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол мүмкін болған 11 ұпайдың 9,5-ін жинады. Күміс сәл ертеректе рапидте топ жарған үндістандық Раунак Садхванидің еншісінде. Ұлттық құрама гроссмейстері Арыстан Исанжулов шешуші турда Арсений Нестеровпен тең ойнап, 3-орыннан көрінді. Тағы бір шахматшымыз Әбілмансұр Әбділқайыр жалпы есепте 39 ойыншының ішінде 15-сатыға тұрақтады.
Ал рапид түрінде Ксения Балабаева 2-орын, Зейнеп Сұлтанбек 3-орын алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ