04.10.2024 | 10:38

ҚАРАҚОЗЫ ӘБДӘЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ФИНАЛЫНА КІМДЕР ШЫҚТЫ?

Шымкентте өтіп жатқан Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған ерлер арасындағы халықаралық турнирде финалистер белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Барлығы 13 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан бәсекеде Қазақстан, Түркия, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 144 спортшы қатысып жатыр.

Былтырғы бәсекемен салыстырғанда тек Оразбек Асылқұлов (57 келі) пен Нұрлан Сапарбай (+92 келі) финалға қайта шыға алды.

48 келі. Санжар Тәшкенбай (2023 жылғы әлем чемпионы) – Теміртас Жүсіпов (2021 жылғы әлем чемпионы).

51 келі. Дамир Әбдіқадыр (әскерилер арасында әлем чемпионы) – Даниал Сәбит (2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері).

54 келі. Сәкен Бибосынов (2023 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері) – Нұрсұлтан Алтынбек (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы)

57 келі. Оразбек Асылқұлов – Махмұд Сабырхан (2023 жылғы әлем чемпионы)

60 келі. Серік Теміржанов (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – Бейбарыс Жексен.

63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов – Жандос Қыдырәлиев.

67 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Париж Олимпиадасының ширек финалисі) – Илья Калинин.

71 келі. Сабыржан Аққалықов (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) – Абылайхан Жүсіпов (Әлем чемпионатының 3 мәрте қола жүлдегері).

75 келі. Диас Молжігітов (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) – Нұрқанат Райыс (2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері).

80 келі. Ерасыл Жақпеков (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) – Никита Засенок (2022 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы)

86 келі. Бекзат Нұрдәулетов (2019 жылғы әлем чемпионы) – Темірлан Мұқатаев (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы)

92 келі. Cағындық Тоғамбай (Азия ойындары мен чемпионатының қола жүлдегері) – Абзал Құттыбеков (Әскерилер арасында Әлем чемпионы)

+92 келі. Айбек Оралбай (2022 жылғы Азия чемпионы) – Нұрлан Сапарбай

Финал бүгін күндізгі 12:00-ге жоспарланған. 

Фото: Қазақстан бокс федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес