17.10.2024 | 17:34

КЁРЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ

Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионаты бел ортасына жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің Ұлттық құрама Е тобындағы 6-турда Украина ойыншыларынан басым түсті. Тартысты матчтың есебі 8-7. Ал қатар өткен кездесуде негізгі қарсылас Швейцария жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осыған дейінгі Қазақстанның көрсеткіші:

2018 жылы 34-орын (35 команда)

2019 жылы 21-орын (40 команда)

2020-2021 жылы әлем чемпионаты өткен жоқ.

Ертең Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір соңғы турда Бельгиямен ойнайды. Ал 18 қазанда 1/8 айналым мен ширек финал. Жартылай финал мен финал 19 қазанда.

Фото:  Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес