
11.02.2025 | 13:00
Бөлісу:
КЁРЛИНГТЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ОҢТҮСТІК КОРЕЯМЕН ОЙНАДЫ
Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы А тобында Оңтүстік Кореяға есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есеп: 2-12. Біздің спортшылар 2-ші және 4-эндте таразы басын теңестірген. Алайда осыдан кейін біздің ойыншылар қарсыластың қарқынына төтеп бере алмады.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов.
Еске сала кетейік, кеше ерлер командасы Қытайдың Тайпейімен кездесіп, жеңіске жеткен. Ертең ерлер құрамасы Астана уақытымен 11:00-де Қырғызстанмен шеберлік байқасады.
Фото: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

