08.11.2024 | 10:41
Бөлісу:
ЛЕВ ЧЕРЕПАНОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Гонконг қаласында басталған ашық айдында жүзуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Он шақырымға жарыста отандасымыз Лев Черепанов мәреге үшінші келіп, қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында Мария Федотова жүлдеге бір табан жетпей тоқтаса (4-орын), тағы бір отандасымыз Дарья Пушко 7-сатыдан көрінді.
Биылғы чемпионатта барлығы құрлықтағы 12 мемлекеттен 41 спортшы сынға түседі. Жарыс 10 қарашада мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: