08.05.2023 | 20:35

Дина Тасжанова Әлем Кубогы кезеңінде жасөспірімдер арасында үздік нәтиже көрсетті

Мысырдың Хургада қаласындағы Сомабей курортында айдында жүзуден биылғы Әлем Кубогының шешуші, 3-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін алғашқы жарыс күні спортшылар 10 шақырым жүзіп өтті. Ұлттық құрама спортшыларының нәтижесі мынадай:

Дина Тасжанова (13-орын), Мария Федотова (18-орын). Жарыс жолына барлығы 25 спортшы шыққан. Дина Тасжанова бұл кезеңде жасөспірімдер арасында ең жақсы нәтиже көрсеткен жүзгіш ретінде арнайы номинацияға ие болды. Мұндай марапат биылдан бастап жарыс бағдарламасына қосылып отыр.

Ерлер арасында отандасымыз Никита Федотов мәреге 30-шы, ал Данил Андросов 33-ші болып жетті.

Айта кетейік, Әлем Кубогының Суперфиналын 13-15 мамыр аралығында Испанияның Овьедо қаласы қабылдайды. Оған рейтингте көп ұпай жинаған спортшылар шақырылады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес