17.07.2024 | 15:53
Бөлісу:
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЕСІЛ ОКРУГЫНЫҢ ӘКІМІ ЕВГЕНИЙ ОВЧИННИКОВ СПАРТАКИАДАДА ТАҒЫ ТОП ЖАРДЫ
Ақтөбе қаласында өтіп жатқан жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиадада үстел теннисінен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1.Ақмола облысы (Евгений Овчинников, Марина Пелих)
2.Ақтөбе облысы (Ұлмекен Сарсенбай, Нүркен Өтегенов)
3.Атырау облысы (Алмас Мұқашев, Ақмаржан Мерғали)
Ақмола облысы Астрахан ауданы Есіл округының әкімі Евгений Овчинников осыдан 2 жыл бұрын Петропавл қаласында өткен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің Спартакиадасында жеңімпаз атанған. Ал былтыр Талдықорғандағы жарысқа жұмыс бабына байланысты қатыса алмаған.
Ақтөбелік Ұлмекен Сарсенбай мен Нүркен Өтегенов жұбы былтыр Жетісу өңірінде 3-орыннан көрінген. Биыл олар көрсеткішін жеқсартып отыр.
Айта кетейік, бұл жолы үстел теннисінен 14 команда 4 топқа бөлініп, плей-офф жолдамасын сарапқа салды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ