07.04.2024 | 18:18

Лицензия жолындағы жеребе нәтижесі белгілі болды

Таиландта өтетін әлемдік лицензиялық турнирге барудан үмітті боксшылар арасында жеребе тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Енді Ұлттық құрама сапындағы орын үшін ерлер 1, әйелдер 4 салмақта өзара мықтыны анықтауы қажет.

Ерлер, 63,5 кг:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнулиновтің жеңгені жартылай финалда Жандос Қыдыралиевпен кездеседі

Екінші жартылай финал

Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов

Бұл – Париж Олимпиадасының жолдамасы жоқ Қазақстан құрамасындағы жалғыз салмақ.

Әйелдер, 50 кг:

Мұнда 2 дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай мен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Алуа Балқыбекова кім мықтыны анықтайды.

Ең көп үміткер 54 кг дейінгі салмақта (8 адам):

Балауса Мұздыман – Жайна Шекербекова

Элина Базарова – Ұлжан Сәрсенбек

Дина Жоламан – Сымбат Әлиасқар

Сания Сұлтанқызы – Анель Сақыш

66 кг:

1-жартылай финал: Лаура Есенкелді – Жасмин Қизатова

2-жартылай финал:

Дариға Шәкімова мен Наталья Богданова арасындағы жеңімпазды Милана Сафронова күтіп тұр.

75 кг:

Валентина Хальзова финалда Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызы екеуінің біреуімен жұдырықтасады.

Әйелдер арасында қазір тек Карина Ибрагимовада ғана Париж Олимпиадасының жолдамасы бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес