21.04.2022 | invalid
Бөлісу:
Мадина Бақбергенова - Азия чемпионы
Азия чемпионатының финалында Мадина Бақбергенова қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы соңғы секундта ұтып, жеңімпаз атанды.
68 келіде сынға түсіп жатқан Мадина Бақбергенова алғашқы жекпе-жегінде дәл осы Мейірім Жұманазаровадан жеңіліп қалған. Есесін финалда қайтарды. Мейірім қазір осы салмақта әлем рейтингінде көш бастап тұр, 3 дүркін Азия чемпионы.
Күндізгі сессияда Мадина кейінгі екі жекпе-жекте кореялық және жапониялық қарсыластан басым түскен.
Сондай-ақ жұбаныш белдесуінде Гүлмарал Еркебаева (76 кг) Ариунджаргал Ганбатты (Моңғолия) жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық іріктеуде моңғолиялық пен өзбекстандық спортшыдан айласын асырған. Ал финалға берілер жолдама үшін таласта 3 жыл бойы Азия чемпионатында ешкімге жол бермей келе жатқан жапониялық Юка Кагамиден ұтылды.
Осы орайда Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев алғашқы күні күрескен шәкірттерінің өнерін қорытындылады.
«Бірінші болып сынға түскен 50 келідегі Айгүл Нұрәлімге келер болсақ, бір жылдан астам жарақатына байланысты кілемге шықпағаны байқалып қалды. Тәжірибелі спортшымыз былтыр желтоқсанда ғана қатарға қосылды. Әлі жұмыс істеп, қарқын қосады деп сенеміз.
Келесі салмақтағы Алтын Шағаева (55 кг) жас спортшының бірі. Бірінші номерлі Айнұр Әшімова жарақат алып қалған соң, таңдауымыз ел чемпионатында күміс жүлде алған Осы Алтынға түсті. Медаль ала алмаса да Шағаеваның күресі бізге ұнады. Тәжірибе жетіспей жатса да бойынша жеңіске деген жігер бар. Диана Каюмоваға да (59 кг) тәжірибе жетіспей жатыр. Кемшіліктерді талдап, жаттығуды күшейтеміз.
Мадинаға келсек, демалыстан келгеніне көп бола қойған жоқ. Былтыр нәрестелі болды. Қарсыласы мықты балуан. Финалда тактикалық тұрғыдан сауатты күресумен қатар, мінез көрсетті. Мадина қазір 100 пайыз бабында деп айта алмаймын. Әлі біраз тер төге керек. Негізі Бақбергенованың салмағы өзге қарсыластарынан аз болды. Соған қарамастан жеке бапкерімен ақылдаса отырып, 68 келіде қалдыруды жөн көрдік.
Қола жүлдегер атанған Гүлмарал Еркебаева да (76 кг) аз-кем үзілістен оралды. Жыл басында Түркиядағы турнирде де қола алған. Бүгінгі нәтижесі жаман емес. Азия ойындарына дейін қателіктерді талдап, түзеуге тырысамыз»,-деп айтты Қайрат Сағадиев.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ