05.10.2023 | 13:44
Бөлісу:
Мансұр Хабибулла джиу-джитсудан алғашқы жүлдеге қол жеткізді
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Мансұр Хабибулла джиу-джитсудан Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Не-ваза жүйесінде 62 кг дейінгі салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Александер Марк Лимнің (Филиппин) осал тұсын тауып, қола медаль жеңіп алды. Есеп: 6-2. Мансұр іріктеуде Сауд Арабиясының, сосын Қырғызстан, Оңтүстік Корея спортшысын жеңгенімен, жартылай финалда БАӘ-нен келген қарсыласқа есе жіберді.
Ал сәл ертеректе Александер жұбаныш белдесуінде 2018 жылғы Джакартадағы Азиаданың жеңімпазы, әлем және Азия чемпионы Дархан Нортаевты ұтқан.
Бұл салмақтағы бас жүлдені Біріккен Араб Әмірлігінің екі спортшысы өзара сарапқа салады.
Мансұр осыған дейін 2017 жылғы әлем чемпионатында 2 қолаға қол жеткізіп, биыл Азия чемпионатында үздік үштікті түйіндеген.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2-ОРЫН АЛДЫ
Галина Дуванова финалға жолдама алды