03.02.2024 | 09:02
Бөлісу:
Маргарита Артемьева мен Мария Кузнецова жүлдеге ие болды
Бұл күндері Жапонияның Хатинохе қаласында конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін 1000 метрге жарыста нео-сеньор санатында Ұлттық құраманың 2 спортшысы жүлдеге қол жеткізді. Маргарита Артемьева 2-ші нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанса, Мария Кузнецова қолаға ие болды. Тағы бір Қазақстан өкілі Алёна Лифатова 4-сатыға тұрақтады.
Жапониядағы жарыста 23 мемлекеттің 170 таңдаулы атлеті сынға түсіп жатыр. Бұл кезең ертең мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: