25.08.2024 | 13:13
Бөлісу:
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында каноэде 500 метрге ескек есуде отандасымыз Мария Бровкова мәреге үшінші болып келіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оның уақыт көрсеткіші- 2:09.731 секунд. Украина өкілі Людмила Лузан (2:06.881) жеңімпаз атанса, қола Чили елінің спортшысы Мария Миллиардқа (2:08.912) бұйырды.
Айта кетейік, кеше Мария 1000 метрге жарыстың финалына шығып, 9 спортшының ішінде 8-сатыға тұрақтаған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
МАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА ЖЕКЕЛЕЙ САЙЫСТЫ АЯҚТАДЫ