14.10.2024 | 15:26
Бөлісу:
МАРИЯ БРОВКОВА ӨЗБЕКСТАНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Каноэде ескек есудан Ұлттық құрама спортшысы Мария Бровкова тәжірибелі жаттықтырушы Сергей Тиуновтың жетекшілігімен Өзбекстанның Ташмор қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Бұл жиын 27 қазанға дейін жалғасады. Жалпы каноэ мен байдарка жыл бойы дайындықты қажет ететін спорт түрі екенін білесіздер. Тағы күш пен жылдамдықты талап етеді. Осы жылдың аяғына дейін бізде ресми жарыс жоқ. Қазіргі жаттығу алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды бөлігі саналады. Осы уақыт ішінде Мария өзінің физикалық дайындығын арттыруға басымдық береді»,-деді байдарка мен каноэде ескек есуден Ұлттық команда басшысы Азамат Мыңтай Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Мария Париж Олимпиадасына қатысқаннан кейін арада көп уақыт өтпей Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатына аттанды. Ол жарыста Бровкова 500 метрге жарыста мәреге үшінші жетіп, қола медаль жеңіп алған. Ол ескек есуден әлем чемпионатында медаль жеңіп алған үшінші отандасымызға, соның ішінде, алғашқы әйел атлетке айналған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМАРИЯ БРОВКОВА ТАРИХИ НӘТИЖЕ ТІРКЕДІ
МАРИЯ БРОВКОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
МАРИЯ БРОВКОВА ЖЕКЕЛЕЙ САЙЫСТЫ АЯҚТАДЫ