09.07.2023 | 15:28

Мария Бровкова мен Руфина Искакова тағы жүлде алды

Бүгін Италияның Ауронзо қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды.

Жарыс жолына шыққан Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында 200 метрге каноэде ескек есуде қола жүлде еншіледі.

Алтынды мажарстандық Агнес Кис жеңіп алса, канадалық Элизабет Мак-Артур одан кейін мәреге жетті.

Айта кетейік, бұл Марияның осы әлем чемпионатындағы 3-медалі. Ол бұған дейін 1000 метрде алтын, 500 метрде күміс жүлде алған.

Ал 23 жасқа дейінгі спортшылардың 5 мың метрге жарысында отандасымыз Руфина Искакова чемпион атанды. Қалған жүлде румыниялық және мажарстандық ескекшінің еншісінде. Жеңімпаздың уақыт көрсеткіші - 30:18.59 секунд.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес