18.05.2024 | 15:35
Бөлісу:
Мария Севостьянова – Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Бүгін Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан таеквондодан 26-шы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мария Севостьянова 57 кг дейінгі салмақтың финалында әлем чемпионы, Азия ойындары мен Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдегері Ким Ю-джиннен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Джулия Мам (Камбоджа), Ти Туеть Транды (Вьетнам) жеңді. Ал жартылай финалда Вей Чун-Линнен (Қытайдың Тайпейі) айласын асырды. Еске сала кетейік, наурыз айында Тайань қаласында (Қытай) өткен лицензиялық турнирде Мария осы Камбоджа таеквондошысынан жеңіліп қалған. Бүгін отандасымыз есе қайтарды.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: АРМАН ШЫЛМАНОВ
ТАЕКВОНДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА 2 КҮН ҚАЛДЫ