27.09.2024 | 19:56

МЕРГЕНДЕР АЗИЯ КУБОГЫНДА 5 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы стенд ату клубында Азия Кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін скит бағдарламасының алғашқы жүлделері анықталды. Мұнда Қазақстан құрамасы 5 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль түсті.

Әйелдер:

1. Әсем Орынбай (Қазақстан)

2. Эман Әл-Шама (Кувейт)

3. Рим Әл-Шаршани (Қатар)

Ерлер:

1. Эдуард Ещенко (Қазақстан)

2. Бекзод Абдурахимов (Өзбекстан)

3. Давид Почивалов (Қазақстан)

Жасөспірімдер:

1. Бехруз Шарапов (Өзбекстан)

2. Артем Седельников (Қазақстан)

3. Максим Почивалов (Қазақстан)

Әйелдер арасында командалық есепте біздің құрама чемпион атанды: Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Адель Садақбаева.

Ерлер құрамасы да командалық сайыста ешкімге дес бермеді. Олар: Давид Почивалов, Эдуард Ещенко мен Илья Пеньков.

Осыдан кейін кештің әдемі нүктесін жасөспірімдер командасы қойды. Максим Почивалов, Артем Седельников пен Владислав Заводиленко үштікті алтыннан алқа тақты. Айта кетейік, Азия Кубогы ертең жасөспірімдер мен ересектер арасындағы микст сайысымен аяқталады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес