04.05.2024 | 20:02

Мергендер Пльзеньдегі Гран-приде тағы 2 жүлде иеленді

Пльзеньде (Чехия) нысана көздеуден Гран-при жарысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аралас қарқында қозғалатын жылжымалы нысана көздеуде  (10 метр) ерлер арасында Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Даниил Яковенко үштігі топ жарып, алтыннан алқа тақты.

Дәл осы бағдарламада әйелдер арасында Фатима Ирназарова, Александра Садуақасова, Зухра Ирназаровадан құралған команда күміс медаль жеңіп алды.

Жекелей сында отандасымыз Андрей Худяков қола үшін таласта 373 ұпаймен ұтылып қалды. Сондай-ақ Фатима Ирназарова (369 ұпай) 4-орынға табан тіреді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес