08.07.2024 | 17:41

МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖОЛДАМАСЫНА ИЕЛІК ЕТТІ

Бүгін Халықаралық күрес федерациясы еркін күрестен 57 келідегі Ұлттық құрама палуаны Мейрамбек Қартбайға Париж Олимпиадасының жолдамасын бергенін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұған Ресей балуандарының Олимпиадаға қатыспайтындығы жөніндегі шешімі әсер етті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында 5-орын үшін таласта Мейрамбек Ресей атынан қатысқан Заур Угуевқа есе жіберген. Осылайша, еркін күрес түрінен жүлдеге таласатын спортшыларымыздың саны төртеуге жетті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес