24.02.2024 | 20:22
Бөлісу:
Браво, Михаил!
Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан. Бүгін еркін жаттығуда жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте – 256.34 балл.
Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде. Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).
Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықISU GRAND PRIX: МИХАИЛ ШАЙДОРОВ 4-ОРЫННАН КӨРІНДІ
NEPELA MEMORAL: ДИАС ЖИРЕНБАЕВ 10-ОРЫН АЛДЫ