05.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Милад Карими Әлем чемпионатының финалында 8-орыннан көрінді
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан 51-ші Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып жатыр.
Қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудың финалында 12.100 ұпай жинап, 8-сатыда қалып қойды. Отандасымыз алғаш болып өнер көрсетті. Айта кетейік, Милад бұл бағдарламаның іріктеуінде 14.733 ұпаймен 3-орын алып, ақтық сынға жолдама алған.
Джарнни Регини-Моран (14.533 ұпай) Ұлыбританияға жалпы осы спорттағы ӘЧ-ның алғашқы алтынын тарту етсе, екі жапониялық гимнаст қалған медальді өзара бөлісті. Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Дайки Хасимото күміс (14.500 ұпай), Дои Рёсукэ (14.266 ұпай) қола жүлдегер атанды.
Біраздан соң тағы бір қазақстандық Нариман Курбанов ат снарядының финалында өнер сынға түседі. Әлем чемпионатын мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: