06.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Муай-тайшылар Әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Мамырдың 26-сы мен маусымның 5-і аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында муай-тайдан Әлем чемпионаты өтті. Бәсекеге 70 елден 550-ге тарта шаршы алаң шебері қатысты. Қазақстан құрамасы 21 спортшысын сынға қосып, 2 алтын, 7 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
Алтын – Әли Серік (51 кг дейін), Александр Цариков (U-23, 81 кг дейін);
Күміс – Алексей Магдеев (45 кг дейін), Шәміл Ермағамбетов (54 кг дейін), Ернат Смағұлов (60 кг дейін), Жәнібек Қанатбаев (67 кг), Руслан Заякин (71 кг), Евгений Зимин (86 кг), Алена Ожередова (U-23);
Қола – Дарья Шубникова.
Ерлер арасындағы жалпы командалық есепте тай елінің өкілдері 3 алтын жүлдемен ешкімге дес бермеді: Нетипонг Фроммахот (48 кг), Понгатон Джаратариячароен (60 кг) Ануенг Хаттамарасри (67 кг). Ал әйелдер арасында Швеция муай-тайшылары көш бастады. Бұл елдің намысын қорғаған Патрисия Акслинг, Эмма Стоунгард Абрахамссон мен Анджела Мамик өз салмағында топ жарды.
Айта кетейік, Жәнібек Қанатбаев пен Руслан Заякин келер жылы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтетін «СпортАккорд» Дүниежүзілік жекпе-жек түрлері ойындарына жолдама алды. Үшінші рет өтетін кешенді бәсекеге айкидо, бокс, күрес, дзюдо, джиу-джитсу, карате, кэндо, кикбоксинг, муай-тай, самбо, сумо, таэквондо, ушу шеберлері барады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: