08.04.2024 | 16:31
Бөлісу:
Мұхамедсабыр Базарбайұлы Зейнуллиновты жеңді
Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге баратын боксшыларды анықтау мақсатында Астанада ұйымдастырылған спарингтік жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
63,5 келіге дейінгі салмақтың алғашқы кездесуінде Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов жұдырықтасып, төрешілер шешімімен алғашқысы басым түсті. Енді Мұхамедсабыр 9 сәуір күні Жандос Қыдыралиевпен қолғап түйістіреді. Екінші жартылай финалда Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов өзара мықтыны анықтайды. Шешуші жекпе-жек 10 сәуір күні өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Италиядағы лицензиялық турнирде осы салмақта Базарбайұлы бақ сынап, жолдамадан құр қалған.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ