31.05.2024 | 14:25
Бөлісу:
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы әлі жолдамаға таласады
Боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкоктағы Париж Олимпиадасының соңғы жолдамалары үлестіріліп жатқан әлемдік іріктеу жарысының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз (63,5 кг) бен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эрисланди Альварес арасындағы айқастың есебі 2-3. Жеңіліске қарамастан Мұхаммедсабыр әлі квота үшін таласа алады. Ол үшін енді 2 айқаста қарсыласын жеңуге тиіс.
Мұхаммедсабырдың алғашқы қарсыласы – Хосе Виафара (Колумбия). Ол әзірбайжандық былғары қолғап шебері Малик Хасановтан ұтылды. Егер отандасымыз жекпе-жекте басым түссе, Александру Параскив (Молдова) /Эмилио Гарсия (АҚШ) арасындағы жеңімпазбен лицензияға таласады.
Барлығы бұл салмақта Олимпиаданың 5 жолдамасы сарапқа салынады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ